Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да тыйым салынған заттарды сақтау ережелері бұзылды

СҚО-да тыйым салынған заттарды сақтау ережелері бұзылды

Медициналық мекемелердегі есірткі өнімдерінің заңды айналымына жол беріледі. Бірақ, белгілі бір талаптар қатаң сақталуы тиіс. Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарында өнімдердің қаншалықты дұрыс сақталатынын полицейлер “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тексерді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Барлығы 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, барлығы – Петропавл аумағында. Екі факт құжаттарды жүргізуге қатысты болды, бұл заттарды медициналық емес пайдалану қаупін тудырған. Бір жағдайда есірткі заттарын сақтауға арналған бөлмеде бөгде заттар болған. Бұған қатаң тыйым салынады. Ал спорт мекемелерінің бірінде тұз қышқылын сақтаудың қажетті шарттары болмаған. Басшылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұзушылық жойылғанға дейін 137,5 кг қышқыл тәркіленді.

“ЖААШ-ның бес күнінде облыс көлемінде болған тексеру барысында 16 әкімшілік хаттама жасалды, фармацевтикалық қызмет қағидаларын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласын бұзу, сондай – ақ есірткі құралдары, психотроптық заттар саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық  талаптарын бұзу фактілері тіркелді”, – деп хабарлады СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

 

Shares