Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да қараша айының соңына дейін қандай ауа райы болады?

СҚО-да қараша айының соңына дейін қандай ауа райы болады?

Қараша айында ауа райы жиі құбылады. Синоптиктердің болжамы бойынша 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қар, көктайғақ, екпіні 15-20 с/м жететін жел күтіледі, ауа температурасы түнде -15-20 градус, ал күндіз 0-5 аяз болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Синоптиктер 26 қараша күні түнде сәл жылынады деп болжайды. Ауа температурасы түнде -2-7, күндіз 0-5 аяз болады.

“27 қарашада жауын-шашын болмайды, облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 с/м құрайды. Ауа температурасы түнде -2-7, ал облыстың шығысында -10 аяз болады. Күндіз ауа температурасы 2 аяздан 3 дейін жылынады. 28 қарашада жауын-шашын болмайды. Облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 с/м жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 2 аяздан 3 дейін жылынады”, – деп атап өтті “Қазгидромет” СҚОФ өкілдері.

29 қарашада термометр бағанасы -5-тен 5 градусқа дейін өзгереді. Ауа райы тек 1 желтоқсанда нашарлайды. Онда температура қайтадан -10 градусқа дейін төмендейді.

Shares