Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Айыртау ауданында 2024 жылы жаңа кәсіпорындар ашылады

Айыртау ауданында 2024 жылы жаңа кәсіпорындар ашылады

Келесі жылы Айыртау ауданында ірі өңдеу цехы, ет өндіру цехы мен диірмен пайда болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

10 айдың қорытындысы бойынша Айыртау ауданында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 4,6 млрд теңгеге жуықтаған. Өнеркәсіп құрылымындағы ең үлкен үлесті ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу алады. 2022 жылы “Теzis” ЖШС іске кірісті. Өндірістік қуаты – тәулігіне 2 тонна дайын ірімшік өнімі. Қазіргі уақытта ірімшіктердің 40-тан астам түрі шығарылады, 25 жаңа жұмыс орны құрылды.

“Саумалкөл SUT” ЖШС – тағы бір әлеуеті жоғары кәсіпорын. Мұнда шикізат халықтан сатып алынады, өңделеді және дайын сүт өнімдерінің 5 түрі шығарылады. Қазір қосымша цехты кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. Сондай-ақ, келешекте қайта өңдеу саласын дамыту бойынша мынандай жоспар бар: ет өңдеу цехын, диірмен, шұжық және жарма өңдеу цехын ашу”, – деді аудан әкімі Ерболат Бекшенов.

 

 

Shares