Прибрежное ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайда болады
“Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында Қызылжар ауданының Прибрежное ауылында жыл соңына дейін жаңа дәрігерлік амбулатория пайда болуы тиіс, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Оның құрылысымен “Градо-Строй Сервис” ЖШС айналысуда. Ғимаратты салу жұмысы маусым айында басталды. Құрылыстың жалпы сомасы шамамен 400 млн теңгені құрайды. Қазір нысан ішін бөлу, еден мен қабырғаларды құю және сылау жұмысы жүріп жатыр. Осыдан кейін медициналық жабдықтар орнатылады.
“Әлі де көп жұмыс істеу керек, бірақ уақытында үлгереміз. Қазір нысанда 40-қа жуық адам еңбек етіп жатыр. Ғимараттың жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрайды. Егер қандай да бір аяқасты өзгеріс болмаса, жыл соңына қарай амбулаторияны тапсырамыз”, – деп атап өтті жоба жетекшісі Дәулет Қалиасқаров.