Пышақ жарақатын салған 17 жастағы бұзақы 2 айға қамауға алынды
Алдымен Петропавлдағы ауруханада жанжал ұйымдастырған, кейін адамды пышақпен жаралаған жас жігіт ақыры екі айға қамауға алынды. Бастапқыда 17 жастағы бұзақы үшін таңдалған бұлтартпау шарасы наразылық толқынын тудырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Ratel.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлдықтар медициналық мекемедегі төтенше жағдайдан кейін жігіттің үйіне жіберілгеніне қарсылық пікірлер қалдырды. Ал екінші жағдайда сот бұзақыны үй қамауында қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл жайлы белгілі болған кезде наразылық толқыны күшейе түсті.
“Бұрын қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған, пышақ салған 17 жасар баланың қамаудан шыққаны облыс тұрғындарын таң қалдырды”,-деп жазды заңгер, қоғам қайраткері Павел АФАНАСЬЕВ.– Бұл үлкен халықтық резонанс тудырды. Ішкі істер органдарының заңды бұзған адамдарды іздеу, ұстау және дәлелдемелер базасын жинау бойынша жұмсаған барлық күш-жігері зая кетіп отыр. Орын алған жайттың қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін түсінбеген сияқтымыз”.
СҚО сотының баспасөз қызметі асығыс қорытынды жасамауды сұрады. Сондай-ақ, бүгін апелляциялық саты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерткенін хабарлады. Тәртіпсіз бала уақытша ұстау изоляторында екі ай қамауда болады.