Мамлют ауданында жаңа әлеуметтік нысандар салынуда
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жаңа әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысы туралы аудан басшысы Елена Степаненко айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Биыл аудандағы Калугино ауылында орналасқан “Әйтеке би” ЖШС базасында 612 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталды.
“Сондай-ақ, “Қызыләскер” ЖШС базасында 400 сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайды. Қазір “Белое-Агро” ЖШС базасында жартылай фабрикаттар дайындау бойынша цех ашу және “Ахитовка” ӘКК базасында сүт өңдеу бойынша шағын зауыт ашу мәселесі пысықталуда”,- деді Мамлют ауданының басшысы Елена Степаненко.
АӨК саласындағы жобаларды кредиттеу жөніндегі бағдарлама шеңберінде 2024 жылға инвестициялық жоба жоспарланған. “Тұмар” ФҚ базасына жалпы ауданы 51 га, ал құны 21,0 млн теңге болатын суару жүйесі жеткізіледі .