Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Бірегей жоба әзірлеген Қозыбаев университетінің оқытушысы 350 миллион теңге грант жеңіп алды

Бірегей жоба әзірлеген Қозыбаев университетінің оқытушысы 350 миллион теңге грант жеңіп алды

Қозыбаев университетінің АФ азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ақан Жүнісов пен “СК Протеин” ЖШС “Ғылым қоры” АҚ конкурсының жеңімпазы атанды және бірлескен бірегей жобаны қаржыландыруға грант жеңіп алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Грант көлемі – 350 млн теңге. Жоба ірі қара мен жылқы терісін өңдеп, ақуызы жоғары жемшөп қоспасын әзірлеуге бағытталған. Оның авторы – АФ азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ақан Жүнісов.

Қозыбаев университетінің медиа-орталығы атап өткендей, Петропавл бройлер фабрикасында сәтті сынақтар өткізілді. Сынақ нәтижелері көрсеткендей, ақуызы жоғары жем қоспасы берілген қанаттылардың тірі салмағы туған күндері шамалас өзге құстардан 22,46% асып түскен.

Алдағы уақытта университет оқытушылары, “СК Протеин” ЖШС және “Петропавл бройлер фабрикасы” ЖШС басшылығы бірлесіп, жобаны іске асыратын болады.

 

Shares