Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандықтарға көптен күткен пәтер кілттері табысталды

Солтүстікқазақстандықтарға көптен күткен пәтер кілттері табысталды

Бүгін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, толық емес отбасылар мен жетім балаларға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі

Бүгін “Береке” шағын ауданында 6 коммуналдық-арендалық үй пайдалануға берілді. Осылайша, 600 отбасы қоныс тойын тойлау мүмкіндігін иеленді. Шағын аудан жылдан-жылға дамуда. Екі мектеп, спорт кешені мен балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Желтоқсан айында жаңа емхана ашылады. Тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалуда. 

“Ағымдағы жылы Петропавлда 47 алаңда құрылыс жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 22 жаңа көпқабатты үй тапсырылады, бұл 2 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Құрметті жерлестер! Сіздерді қоныстарыңызбен құттықтаймын! Шаңырақтарыңызда бақыт пен береке салтанат құрсын. Отбасыларыңызға амандық, мейірімділік пен сыйластық тілеймін”, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares