Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда еріктілер слеті өтті

Петропавлда еріктілер слеті өтті

Петропавлда облыстық еріктілер слеті өтті. Аймақ белсенділері өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті және пікірлес адамдар арасында уақыт өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Еріктілер слеті облыстық кітапхана қабырғасына ең белсенді өкілдерді жинады. Бұл – кез-келген қиын жағдайда ақысыз көмек қолын созуға дайын адамдар. Слет барысында жиналғандар тәжірибе алмасып, жұмысты қорытындылады. СҚО-да 30 мыңға жуық ерікті бар. Жыл сайын олардың саны артып келеді, деп атап өтті фронт-офис басшысы. Осы шарада жыл бойы өзін жақсы қырынан көрсеткен 20 белсенді сыйлықтармен марапатталды.

“Еріктілер өз қызметін денсаулық сақтау, мәдениет, экология салаларында жүзеге асырады. Тегін негізде құқықтық және психологиялық кеңес береді. Қайырымдылық кештер, акциялар өткізеді. Тренингтер, шеберлік сыныптары да ұйымдастырылады”, – дейді СҚО бойынша еріктілер фронт-офисінің басшысы Анастасия Волкова.

Shares