Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл полицейлері жалпы құны 25 млн теңгеге жуық акцизсіз темекіні тәркіледі

Петропавл полицейлері жалпы құны 25 млн теңгеге жуық акцизсіз темекіні тәркіледі

Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері акцизсіз сигареттердің заңсыз саудасы туралы келіп түскен жедел ақпаратты пысықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Орталық көтерме сауда базарындағы бутиктердің бірінен тәртіп сақшылары заңсыз тауардың 34 560 қорабын тәркіледі. Алдын ала бағалау бойынша алынған қаражаттың жалпы құны 25 миллион теңгеге жуықтайды.

Заңсыз тауар иесі, Петропавл қаласының 45 жасар тұрғынына қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Shares