Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл 2-ЖЭО мұржа құрылысы тоқтатылды

Петропавл 2-ЖЭО мұржа құрылысы тоқтатылды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өткен жылы ЖЭО-да құлаған мұржа құрылысы жайлы баяндап, өңір тұрғындарына жылыту маусымында алаңдауға еш негіз жоқтығын айтты,- деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, қалада жылыту маусымы жөнделіп жатқан 2-ЖЭО-дағы түтін мұржаларының бірін есептемегенде де штаттық режимде өтуде. 12 қазандықтың 11-і жөнделді, біреуі 80% дайын. Түтін мұржаларына келетін болсақ, біреуі негізгі, екіншісі резервтік болып келеді. Ал үшінші құбыр жылыту маусымының жоспарына кірмеген.

“Біз оны келесі жылы қыркүйекте тапсырамыз. Облыс әкімі ретінде айтарым, жеке өзімде қандай да бір бұзушылықтар орын алады деген күдік жоқ. Жылыту кезеңі және тікелей 2-ЖЭО бойынша барлық жұмыс менің жеке бақылауымда”,- деп толықтырды брифингте Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бүгінгі күні салынып жатқан мұржа бойынша өндірістік жұмыстардың кестесі бар. Құбырдың биіктігі 180 метр болуы керек. Техникалық сарапшылар 21 метрлік белгіден ауытқуды анықтады. Осыған байланысты құрылыс тоқтады, мұржаның бір бөлігін бөлшектеу туралы шешім қабылданды.

“Біз зертхананың нәтижелерін күтеміз, содан кейін алдағы жоспарлар туралы жазбаша жауап береміз. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан екі негізгі түтін мұржасына қатысты толықтырып айтсақ, бір мұржа 60 млн теңгеге жөнделді. Мердігерлер қажет қаржыны жұмсады, есеп бойынша біз көріп отырмыз. Арнайы акт та бар. Ал екінші мұржаға 100 млн теңге бағытталды. Жөндеуден кейінгі тексеру актісі қолымызда. Бұл екі мұржа Петропавл қаласының жылу беру кезеңінде жұмыс істейді”, – деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares