Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдың 47 көшесін жөндеуге 8,2 миллиард теңге жұмсалды

Петропавлдың 47 көшесін жөндеуге 8,2 миллиард теңге жұмсалды

Облыс орталығында жалпы ұзындығы 58 км болатын 47 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған 8,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов айтты.

Сондай-ақ, облыс әкімі теміржол желісі арқылы өтетін жеңіл көліктерге арналған көпір құрылысының басталғанын мәлімдеді.

Облыстағы жолдарды жөндеуге келетін болсақ, биыл 770 шақырым жол жөндеумен қамтылды: 148 – республикалық, 480 – жергілікті, 142 шақырым – кентішілік жолдар.

“Жалпы, жыл қорытындысы бойынша республикалық желі бойынша жақсы дәрежедегі жолдардың үлесін – 85%, ал жергілікті желі бойынша – 72% жеткізу жоспарлануда”, – деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Shares