Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда тұрғын үй тұрғызу үшін жеке инвесторларды тарту қажет

Петропавлда тұрғын үй тұрғызу үшін жеке инвесторларды тарту қажет

Петропавлда тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту қажет. Бұл туралы облыстық әкімдік отырысында экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол өңірдің 2023 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

2023 жылғы қаңтар-қазан қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 775 млрд теңгеден асты. Осы кезеңде өнеркәсіп саласында 514 млрд теңгеге өнім өндірілді. Құрылыс саласында орындалған жұмыс көлемі 22% артты. 10 айда 150 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қуанышбек Қалижанов тұрғын үй құрылысына тартылатын инвестициялардың 30% бюджет қаражаты екенін атап өтті.

“Осыған байланысты құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы аудандар және Петропавл қаласының әкімімен бірлесіп, бюджеттен тыс қаражат есебінен тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту қажет”, – деп толықтырды Қуанышбек Қалижанов.

Shares