17 жастағы солтүстікқазақстандық өз-өзіне қол жұмсады
30 қараша күні 17 жастағы солтүстікқазақстандық, Аққайың ауданының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Бұл дерек аудандық полиция бөлімінде расталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Аққайың аудандық ПБ кезекші бөліміне 17 жасар жігіт өз үйінде асылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді (“Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу”). Тексеру барысында зорлықпен өлім белгілері байқалған жоқ, мәйіт сараптамаға жіберілді”, – деп толықтырды мемлекеттік орган.