Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформа бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ресми түрде ол 2026 жылғы 15 наурызда өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, референдумға мынадай мәселе шығарылады: «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».
Қасым-Жомарт Тоқаев референдумды дайындау мен өткізуді Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының функцияларын орындайтын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктеді.
Президент Қазақстан Республикасының Үкіметіне Орталық сайлау комиссиясымен, өзге де орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
