Айыртау ауданындағы намазханада өрттің шығуына пеш себеп болды

9 ақпан күні кешке СҚО ТЖД-ның 101 нөміріне Айыртау ауданының Қазанка ауылында орналасқан намаз оқуға салынған үйде («намазхана») өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО ТЖД мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте ғимарат толықтай отқа оранып, шатырдың опырылуы орын алған. Өртті сөндіруге Қазанка ауылындағы өрт сөндіру пунктінің қызметкерлері және «Достыкский элеватор» ЖШС-нің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмылдырылды.
«Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Өртті сөндіруге СҚО ТЖД және ерікті өрт сөндірушілерден шамамен 18 адам және 6 бірлік техника тартылды», – делінген хабарламада.
