Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тайынша ауданында тасқыннан кейін тұрғын үйлер мен аулалар дезинфекциялануда

Тайынша ауданында тасқыннан кейін тұрғын үйлер мен аулалар дезинфекциялануда

April 24, 2024 12:57

Маңызды жұмыс! Тайынша ауданының Красная Поляна, Макашевка, Черниговка, Кантемировское және Алабота ауылдарында су басқан аулалар мен тұрғын үйлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары дезинфекциялық жұмыстардың сапасын қадағалап, жұқпалы ауруларды күнделікті бақылауда. Бұл – жіті ішек инфекциясы, А вирусты гепатиті, сальмонеллезге қатысты тексерулер», – деді Тайынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының м.а. Анар Шәріпов.

Ауданда жоғарыда аталған инфекцияларға қатысты жағдай тұрақты, – деді сөз соңында Анар Шәріпова. Су тасқыны кезеңінде өсім байқалмады.

Shares