Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тимирязев ауданында заманауи IT-хаб ашылды

Тимирязев ауданында заманауи IT-хаб ашылды

January 12, 2026 17:23

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық IT-хабтар мен креативті орталықтарды ашу жұмыстары жалғасуда. Тимирязев ауданында заманауи IT-құзыреттер орталығы ашылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жоба Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жылы аясында жүзеге асырылуда. Орталықтың басты мақсаты – ауыл жастарына қала тұрғындарымен тең мүмкіндіктер ұсыну. Мұнда бағдарламалауға, нейрожелілермен жұмыс істеуге және стартаптар құруға оқытылады.

 

Ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев қатысты.


Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, мұндай алаңдар аудандардағы креативті экономиканың негізіне айналуы тиіс. Орталық базасында коворкинг аймақтары мен заманауи жабдықтармен қамтылған оқу сыныптары ашылды.

Айта кетейік, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында төрт аудандық креативті IT-орталық — Шал ақын, Уәлиханов, Ақжар және Есіл аудандарында ашылған болатын. Әрбір аудандық креативті орталық өңірдің ерекшелігіне қарай өзіндік бағытта жұмыс істейтін болады.

Shares