Үлкен Тораңғұл көлінде су деңгейі көтерілді
April 7, 2024 10:31

“Қазгидромет” СҚОФ ақпараты бойынша, Үлкен Тораңғұл көлінің Корнеевка ауылындағы гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт өсуі байқалады. Көрсеткіш тәулігіне 32 см ұлғайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
7 сәуір, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі 332 см құрады. Қауіпті деңгей – 365 см. Еріген қар суының және салалық қосылулардың нәтижесінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
