Солтүстікқазақстандық спортшы Айзара Жұмабекова Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады
November 4, 2026 08:36

Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Айзара Жұмабекова 12–13 қараша күндері Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан Республикасының намысын қорғайды. Жас атлет «брейкинг» бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жасөспірімдер Олимпиадасы – төрт жылда бір рет өткізілетін, жас спортшылар арасындағы ең беделді халықаралық спорттық додалардың бірі.
«Мұндай деңгейдегі жарысқа қатысу – спортшы үшін де, жалпы Солтүстік Қазақстан облысының спорт қауымдастығы үшін де үлкен мәртебе әрі елеулі жетістік», – деп атап өтті басқарма өкілдері.
Айзара Жұмабекова – 2025 жылғы Қазақстан кубогы мен Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ ол Red Bull BC One Kazakhstan жарысында топ жарып, Азия ойындарына қатысқан. Жас спортшының бірқатар жетістіктері, тынымсыз жаттығулар мен мол жарыс тәжірибесі бар.
