Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » №44 ОМ директоры қылмыскер оқушы үшін жазалады

№44 ОМ директоры қылмыскер оқушы үшін жазалады

№44 орта мектептің оқушысы 19 жастағы жігітке пышақпен шабуыл жасағаны мәлім. Осы үшін білім ұясының директоры қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмысшы кентінде екі жігіттің арасында қақтығыс болды. №44 орта мектепте оқитын 18 жастағы бала екінші қатысушыға пышақ салды. Оқушының соттылығы болған. Ол 12 желтоқсаннан бастап 13 мамырға дейін арнайы режимдегі мектепте оқыды. Кәмелетке толғаннан кейін оқуын аяқтау үшін өзінің бұрынғы мектебіне оралды.

“Оқушы заң бұзды. Осы үшін директор жазаланды. Оған қатаң сөгіс берілді”, – деді СҚО білім басқармасы басшысының м.а. Татьяна Протопопова.

Shares