12 ақпанда СҚО-да боран және желдің жылдамдығы 25 м/с-қа дейін болады күтіледі
February 11, 2026 17:20

Синоптиктер 12 ақпанға Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады. Өңірде оңтүстік-батыстан соққан жел мен сырғыма жүреді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Метеорологтардың мәліметінше, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Бұл аудандарда оңтүстік-батыс бағытындағы желдің жылдамдығы түнде 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
12 ақпанда Петропавл қаласында да қолайсыз ауа райы күтіледі: оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады.
