Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов автоөткелдің құрылысымен танысты

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов автоөткелдің құрылысымен танысты

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы нысандарды аралады. Облыс орталығында теміржол арқылы өтетін жаңа өткелдің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру көлік ағынын басқа бағытпен жіберуге, Жұмысшы кентіндегі жол өткеліндегі көлік ағынын азайтуға және қажет болған жағдайда қалалықтарға қолайсыздық туғызбай, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Көпір құрылысына бюджеттен 5,3 миллиард теңге қарастырылған, оның 80 пайызы мердігерге бөлінген. Мердігер жыл соңына дейін көпір мен кіреберіс жолдарды, соңғы және аралық тіректерді, аралық құрылымды салуды, монолитті жабын плитасын орнатуды және инженерлік желілерді ауыстыруды аяқтауы керек.

Келесі жылға асфальт-бетон жамылғысын төсеу қалады. Өңір басшысы мердігерге және тиісті басшыларға құрылыс кестесін қатаң сақтап, барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, СҚО әкімі  Петропавл қаласындағы аула аумақтарын ретке келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Облыс орталығындағы 596 ауланың 254-і жаңартуды қажет етеді.

“Биыл 60 аула қамтылады. Әр аулада балалар мен спорт алаңдары орнатылып, асфальт төсеу және абаттандыру жүргізіледі. 5 жыл ішінде жөндеуді қажет ететін барлық аулаларды қамтуды жоспарлап отырмыз”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares