Ауа райы: СҚО-да 28 мамыр күні найзағай, бұршақ, төмен температура және қатты жел күтіледі
May 27, 2024 15:23

28 мамыр күні түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК хабарлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде температураның 3 градусқа дейін түсуі күтіледі.
Облыс орталығында 28 мамыр күні түстен кейін найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыстан соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде топырақ бетінде температура 2 градусты құрайды.
