Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Бескөл ауылында көпқабатты үйдегі өрт салдарынан тұрғындар эвакуацияланды

Бескөл ауылында көпқабатты үйдегі өрт салдарынан тұрғындар эвакуацияланды

December 12, 2025 10:00

Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында Школьная көшесінде орналасқан екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Тұрғындардың жедел әрекеті мен құтқарушылардың шұғыл қимылының арқасында адам шығынына жол берілмей, оттың таралуы тоқтатылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үй тұрғындары ғимараттан өздігінен шығып үлгерді. Оқиға орнына ТЖД күштері дереу жетті. Эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін арнайы техника тартылып, ТЖМ психологтары оқиға орнында жұмыс істеп, қажетті психологиялық көмек көрсетті. Өрт сөндірушілер жедел түрде жауынгерлік орналастыру жүргізіп, шатырдағы өртті сөндіруге кірісті.

«Өрт қысқа мерзімде ауыздықталып, толықтай сөндірілді», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Shares