Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Болашақ энергетиктер Петропавл 2-ЖЭО жұмысымен танысты

Болашақ энергетиктер Петропавл 2-ЖЭО жұмысымен танысты

«Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде» «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша оқитын  екінші курс студенттері Петропавл 2-ЖЭО болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Болашақ энергетиктер үшін кәсіпорынға жасалған экскурсия – зор мүмкіндік. Олар барлық жұмыс процессін өз көздерімен көрді және мамандар жұмыс істейтін ортаны, атмосфераны сезінді.

«Экскурсиялық бағдарлама ауқымды. Ол қазандық, турбиналық және химиялық цехтарды, бас басқару пультін және кәсіпорын мұражайын аралауды қамтиды. Балаларға жылу және электр энергиясын өндіру процесі көрсетілді, басқару жүйесі мен жабдықты қорғау, күштік трансформаторлар мен ашық тарату құрылғылары туралы айтылды. Негізгі басқару пультінде студенттерге барлық жабдықтың жұмысы қалай бақыланатыны көрсетілді», – делінген «Севказэнерго» АҚ хабарламасында.

Shares