Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University ректоры Ербол Исақаев референдумда ұлымен бірге дауыс берді

Kozybayev University ректоры Ербол Исақаев референдумда ұлымен бірге дауыс берді

March 15, 2026 10:00

15 наурыз күні сағат 07:00-де Қазақстанның барлық өңірінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Kozybayev University университетінің алтыншы корпусында орналасқан №584 учаскеде дауыс беру қалай басталғанын QZ News тілшісі білді.

Бұл күні 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары еліміз үшін маңызды мәселеге қатысты өз ұстанымдарын білдіруде. Таңертеңнен бастап Петропавл қаласында сайлау учаскелері жұмысын бастады. Солардың бірі — Kozybayev University-дің алтыншы корпусында орналасқан №584 учаске, мұнда қала тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауда.

Дәл 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Осыдан кейін учаске табалдырығын алғашқы сайлаушылар аттады. Дәстүр бойынша оларға учаскелік комиссия төрағасы тарапынан сыйлықтар табысталды.

№584 референдум учаскелік комиссиясының төрайымы Зияда Базарбаеваның айтуынша, бұл учаскеге 1584 сайлаушы тіркелген.

«Біздің сайлау учаскесіне 1584 адам тіркелген. Оның шамамен 400-і жастар. Бүгін олардың ішінде 10 адам алғаш рет дауыс беріп отыр. Ооларға арнайы сыйлықтар дайындадық: блокноттар, қаламдар, бейсболкалар», — деді ол.

Алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында Ербол Исақаев болды.

Университет басшысының белсенді азаматтық ұстанымы — студент жастар үшін үлгі. Бұл маңызды күні ректор учаскеге жалғыз келмеді, оның ұлы Асанәлі де өмірінде алғаш рет дауыс берді.

«Бүгін әрбір қазақстандық тарихи таңдау жасап жатыр. Университет білім, ғылым және мәдениет орталығы ретінде қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетуі тиіс. Бүгін біздің учаскелерде университет жатақханаларында қалған шамамен 600 студент дауыс беруде», — деп атап өтті Ербол Исақаев.

Жалпы, Kozybayev University базасында үш сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Shares