Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » М.Жұмабаев ауданының бригадасы Заречный кентіндегі 29 үйді бұзады

М.Жұмабаев ауданының бригадасы Заречный кентіндегі 29 үйді бұзады

М.Жұмабаев ауданынан келген бригадаға Заречный кентіндегі 139 тұрғын үй бекітілген. 41 баспананы меншік иелері өздері жөндемек. Ал 17 баспананы мехбригада мамандары қалыпқа келтіреді. Оның 5-еуі белсенді түрде жөнделуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қалпына келтіру жұмыстары сметалық құжат бойынша жүргізілуде. Ол едендерді, есіктерді, қабырғаларды жөндеуді және тұсқағазды жабыстыруды қамтиды. 29 жеке үй мен 1 екі қабатты үйді бұзу керек, онда 63 меншік иесі тұрады. Бүгінгі таңда 7 жеке үй бұзылды. 8 бірлік КАМАЗ, 2 тиегіш, экскаватор жұмыс істейді. 35 маманнан тұратын 5 бригада құрылды”,-деді М.Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Омаров.

Shares