Облыс әкімі мен қала әкімі Петропавл тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізеді

2026 жылғы 26 ақпанда сағат 11:00-де Жамбыл көшесі, 55А мекенжайында орналасқан Оқушылар сарайының екінші қабатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің халықпен кездесуі өтеді, деп хабарлайды QZ news.
Кездесуге қатысамын деген барлық азаматтарға Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта қатысу мүмкіндігі беріледі.
«Сонымен қатар, өз ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен пікірлеріңізді ағымдағы жылдың 25-26 ақпаны аралығында құрылған “Встреча с населением 2026” Telegram-боты (http://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022_bot) арқылы жолдай аласыздар. Сондай-ақ, кездесу өтетін күні “Ikomek” ахуалдық орталығында 109 нөмірі бойынша арнайы анықтама қызметі, 87785661404 нөмірлі WhatsApp желісі және “Встреча с населением 2026” Telegram-боты жұмыс істейді. Осы арналар арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Сонымен бірге, 2026 жылғы 24 ақпанда сағат 10:00-де Петропавл қаласының әкімі мен қалалық мемлекеттік органдардың басшылары Қазақстан Конституциясы көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында «Ашық есік күнін» өткізеді.
Ұсыныстар мен ескертулер өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілген жағдайда ғана қаралады.
