Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыстық қуыршақ театрында “Ән айт, менің домбырам” атты қойылымды 30-ға жуық бала тамашалады

Облыстық қуыршақ театрында “Ән айт, менің домбырам” атты қойылымды 30-ға жуық бала тамашалады

April 23, 2024 17:29

Облыстық қуыршақ театрында су тасқынынан зардап шеккен балаларға “Ән айт, менің домбырам” спектаклі тегін көрсетілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қойылымнан кейін балаларға интерактивті ойындар мен шеберлік сабақтары өткізілді. Ойын-сауық 30-ға жуық ұл мен қызға арналды.

“Біз осы арқылы отбасылар мен балаларды су тасқыны жағдайынан аздап алшақтатқымыз келді. Біздің елде мұндай жағдайлар қайталанбайды деп үміттенеміз. Бұл – біздің балаларымызды қолдауға қосқан үлесіміз”, – деді облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасым.

Shares