Петропавл қаласы әкімдігінде жаңа тайындау
October 20, 2023 11:48

Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің үкімімен Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды. Жауапты қызметке Біржан Көшербаев келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Біржан Сайлауұлы 1994 жылы 7 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Рублевка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы СҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгердің көмекшісі болып бастаған. Осы тағайындауға дейін ол аталған органның басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін бұл лауазымда Әділбек Әубәкіров еңбек етті.
