Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл тұрғыны тасқыннан зардап шеккен үйін өз күшімен жөндеуде

Петропавл тұрғыны тасқыннан зардап шеккен үйін өз күшімен жөндеуде

Ойқала шағын ауданының тұрғыны Ольга Михайличенко ата-анасынан қалған үйде тұрады. Әйел бұл баспанаға жұбайымен бірге 2020 жылы кіріпті. Ол зор күш жұмсалған қара шаңыраққа топан су кіреді деп мүлде ойламаған. QZ Мedia тілшісі жерлесіміздің қазіргі жағдайын білді.

“Біз ескі үйімізді саттық, түскен ақшаны ата-анамның үйін қалпына келтіруге бағыттадым. Бір метрден астам су тұрды. Ағысы өте күшті болды, қоршау бұзылды, ұрылардан қорғану үшін уақытша тор тарттық”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Ольга Михайличенко.

Қала тұрғыны жұбайы және күйеу баласымен бірге үйді қалпына келтіріп жатыр. Күзге қарай олар барлық жұмыстарды аяқтамақшы.

“Өткен аптада жарық берілді, осыған байланысты үйді бірден кептіре алмадық. Іште саңырауқұлақтар өсе бастады. Қазіргі ауа-райының арқасында үйіміз аздап кебеді. Едендер алдымен толық алынып тасталды, бұзу жүргізілді, үш бөлмеге жаңадан еден құйылды. Олардың бірінде жертөле құлаған еді, оны қалпына келтіру қиын болмақ. 2 мамырдан бастап біз күніне 16 сағат жұмыс істеп жатырмыз, бос уақыт жоқ. Қазіргі уақытта шамамен жарты миллион теңге ақша жұмсадық”, – деді Ольга Михайличенко.

Су тасқыны кезінде отбасы жиһаз бен тұрмыстық техниканың көп бөлігін жоғалтты. Ольга Михайличенко мүліктік шығындарды өтеу үшін берілген 150 АЕК көлеміндегі жәрдемді алыпты.

Shares