Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл жастары үшін SKO Hub-та нейрожелілер мен заманауи технологияларға арналған квест өтті

Петропавл жастары үшін SKO Hub-та нейрожелілер мен заманауи технологияларға арналған квест өтті

June 1, 2026 18:26

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай SKO Hub базасында AI-квест ұйымдастырылды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткен іс-шараға 40 жас қатысушы жиналды. Жасөспірімдер ойын форматында заманауи технологиялар мен цифрлық инновациялар әлеміне саяхат жасап, жаңа білім алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Қатысушылар төрт командаға бөлініп, сынақтардан өтті. Орталықтың әртүрлі локацияларында олар логикаға, шығармашылық қабілетке және командалық жұмысқа негізделген интерактивті тапсырмаларды орындап, ұпай жинады. Квест бағдарламасы бірнеше арнайы станциядан тұрды.

«AI DETECTIVE» аймағында оқушылар материалдардың авторын анықтауға тырысып, адамның шығармашылығы мен жасанды интеллект жасаған контентті ажыратты. Ал «REAL OR AI?» станциясында жасөспірімдер фотосуреттер мен музыкалық шығармаларды талдады. Сонымен қатар қатысушылар үшін ІТ саласы бойынша Kahoot-викторинасы және танымал цифрлық құралдармен таныстыруға бағытталған «Нейрожеліні тап» байқауы ұйымдастырылды», – деп хабарлады SKO Hub өкілдері.

Зияткерлік ойынның арқасында қатысушылар сыни ойлау дағдыларын дамытып, жасанды интеллектпен жұмыс істеудің тәжірибелік қырларын меңгерді. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған «Gemini» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «GPT» және «Yandex AI» командалары иеленсе, үшінші орынға «Claude» командасы жайғасты.

Квест жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне SKO Hub атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Shares