Петропавлда 13 шілдеде “Бір ауыл – бір өнім” жәрмеңкесі өтеді

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы петропавлдықтарды және қала қонақтарын «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы дәстүрлі жәрмеңке-көрмеге шақырады. Іс-шара 13 шілде күні сағат 14:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алдындағы алаңда өтеді (мекенжайы: Қазақстан Конституциясы көшесі, 27), деп хабарлайды QZ News.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасының басты мақсаты – өңірлердің дамуына қолдау көрсету, халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерге бәсекеге қабілетті әрі сапалы өнім шығаруға жәрдемдесу. Жоба сондай-ақ тұрғындарды өңірге тән бірегей тауарлар жасауға ынталандыруға бағытталған.
Жәрмеңкеге келушілер халық тұтынатын әртүрлі тауарларды, үйге қажетті бұйымдарды, кәдесыйлар мен басқа да өнім түрлерін сатып ала алады.
