Петропавлда 8 көшедегі жиектастар ауыстырылады және жөнделеді
June 12, 2024 12:31

Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, облыс орталығында жол бойындағы жиектастарды жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Орташа жөндеу аясында мұндай жұмыстар Сүтішев көшесінде жүргізілуде. Сондай-ақ, Набережный көшесіндегі жиектастар ауыстырылуда. Ал Васильев-Партизан учаскесінде және Караван көшесінде жұмыстар аяқталды”, – деді қалалық әкімдік өкілдері.
Жергілікті биліктің мәліметінше, орташа жөндеу аясында 8 көшедегі жиектастарды ауыстыру және түзету жоспарлануда. Басқа учаскелер де тексеріледі, содан кейін қажетті жұмыстар бойынша шешім қабылданады.
