Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда “Батырларға тағзым” атты ғылыми-танымдық конференция өтті

Петропавлда “Батырларға тағзым” атты ғылыми-танымдық конференция өтті

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында “Батырларға тағзым” атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Іс-шара Ұлы жеңістің 79 жылдығына, Отан қорғаушылар күніне және Халық қаһармандары – Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Кездесу облыстық архивпен және театр ұжымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты – майдангерлерге құрмет көрсету және жас ұрпақты аз танымал кейіпкерлермен таныстыру. Өңірден шыққан ерлер аз емес. ҰОС кезінде көптеген жерлесіміз Отан үшін шайқаста қаза тапты.

Конференция қонақтары ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қозыбаев университетінің студенттері, еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері болды. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова қатысушыларға соңғы әзірлемелер туралы айтып берді.

“Біз соғыс туралы құжаттар жинағын, Кеңес Одағының батырлары туралы өмірбаяндық жинақты және СҚО-дан соғысқы қатысқандар туралы электрондық деректер базасын шығардық. Біздің облыстан соғысқа 100 мыңнан астам адам қатысты”, – деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Shares