Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда екі гараж өртенді

Петропавлда екі гараж өртенді

May 12, 2025 09:16

Петропавл қаласындағы Ишимская көшесінде техногендік өрт болып, жалпы аумағы 127 шаршы метрді құрайтын екі гараж отқа оранды. Бұл туралы СҚО ТЖД хабарлады, деп жазады QZ News.

От жылдам таралып, жапсарлас салынған тұрғын үйге қауіп төндірген.

«Жалынды оқшаулап, оның тұрғын үйге өтуіне жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Shares