Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда инсталляция форматындағы балалар көрмесі таныстырылды

Петропавлда инсталляция форматындағы балалар көрмесі таныстырылды

January 20, 2026 10:33

Петропавл қаласында «Шығармашылық жаңбыр» атты бірегей көрме-инсталляция ашылды. Креативті орталықтың арт-галереясында PICASSO сурет мектебінің 4 пен 15 жас аралығындағы кіші топта оқитын 80 оқушысының жұмыстары ұсынылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Экспозиция шығармашылық жартыжылдықтың қорытындысы болды. Жас шеберлер түрлі бояуларды пайдаланып, өздерінің ішкі жан дүниесін, отбасы тақырыбын, туған өлкені және болашаққа деген армандарын бейнеледі.

Ұйымдастырушылар көрме форматына креативті түрде қараған: картиналардың өзінен бөлек, келушілер мультимедиялық проектор арқылы олардың жасалу үдерісін көре алады, ал арнайы аймақта жас авторлардың афоризмдері мен ой-пікірлерімен танысуға мүмкіндік бар.

«Мұндай жобалар балалардың өзіне деген сенімін арттырады. Біз оларды тек сурет салу техникасына ғана емес, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге үйретеміз, қиялын дамытып, өзін еркін білдіруден қорықпауына көмектесеміз», — деді мектеп жетекшісі Данара Алғожина.

Көрмені тамашалап, жас суретшілерге қолдау білдіремін деушілердің барлығына есік ашық. Экспозиция 1 ақпанға дейін жұмыс істейді, қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін.

Shares