Петропавлда кәсіпкерлер мен прокурорлардың ашық диалогі өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық акциясы және «Бизнес пен «Заң мен тәртіпке» 100 игі іс» іс- шарасы ұйымдастырылды. Кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы жаңа талаптар мен әлеуметтік жауапкершілік туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Акцияны ұйымдастыруды облыстық прокуратура ұсынды. Қадағалаушы органмен бірге шараға Мемлекеттік кірістер департаменті мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Жаңартылған заңнаманың ерекшеліктерін түсіндіруге «Зерде» оқу орталығы және кәсіби бухгалтерлер институты көмектесті.
«Биылдан бастап Қазақстанда арнайы салық режиміне қатысты тәсіл өзгерді. Қазір жетіден тек үш арнайы салық режимі қалды. Біз Қазақстандағы кәсіпкерлікті салық мәселелерінде қолдауға тиіспіз. Осыған көмек ретінде Қаржы министрлігінің «Халықтық бухгалтер» бастамасы қолға алынды», – деді «Зерде» оқу орталығының оқытушысы Гүлнар Галямова.

Кәсіпкерлер жеке кеңестерді Мемлекеттік кірістер департаментінен ала алады. Шарада ведомство мамандары мен қоғамдық ұйымдардың бухгалтерлері кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді.
Акция 200-ден астам бизнес субъектісін қамтыды.
«Ашық диалог форматында кәсіпкерлерге заңнаманың жаңа талаптарын қолдануға қатысты практикалық сұрақтарға жауап берілді, бизнес жүргізудегі өзекті мәселелер талқыланып, олардың құқықтық шешу жолдары ұсынылды», – деді СҚО прокуратура басқармасының аға прокуроры Арыстан Шентемір.
Еске салайық, жаңа арнайы салық режиміне көшу туралы салық төлеушілер 1 наурызға дейін хабарлау тиіс.
