Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда колледж студенттеріне есірткінің зияны туралы айтылды

Петропавлда колледж студенттеріне есірткінің зияны туралы айтылды

Петропавлда колледж студенттеріне есірткінің зияны туралы айтылды Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында тыйым салынған заттардың адам ағзасына теріс әсеріне қатысты профилактикалық іс-шара өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Тыңдаушылар қалалық колледж студенттері болды. Олар үшін пайдалы іс-шараны қалалық жастар ресурстық орталығының белсенділері, тәртіп сақшылары және облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ұйымдастырды.

“Мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткіземіз. Біз колледждерге, мектептерге, университетке барамыз. Жасөспірімдермен өздері түсінетін тілде сөйлесуге тырысамыз, есірткі мен алкогольдің зияны туралы айтамыз, мысалдар келтіреміз, статистиканы жіпке тіземіз. Мұндай профилактикалық жұмыс қажет деп санаймын, ол өз жемісін береді”, – деді Петропавл қаласы полиция басқармасының аға инспекторы Динара Мұқанова.

Shares