Петропавлда “Өркен” түзету-дамыту орталығы ашылды
June 5, 2024 13:52

Оқушылар сарайында “Өркен” түзету-дамыту орталығы ашылды. Оған партаға отыруға дайындалып жатқан балалар, сондай-ақ мектеп оқушылары бара алады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Орталықтың мақсаты – әртүрлі психофизикалық, мінез-құлық және сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысы.

“Қазір ерекше күтімді қажет ететін балалар саны артып келеді, сондықтан біздің орталықтың басты миссиясы – осындай балаларға дер кезінде кешенді қолдау көрсету”, – деді “Өркен” жеке түзету-дамыту орталығының басшысы Айгүл Әлібекова.
