Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 31 отбасы пәтерге ие болды

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 31 отбасы пәтерге ие болды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шегіп, қалпына келмейтін баспананың орнына пәтер алған қала тұрғындарының шаңырақтарына барып,  қоныс тоймен құттықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Юлия Сабитова ұлымен және ата-анасымен бірге үш бөлмелі пәтерге көшті.  Осыған дейін Ойқала шағын ауданында, Калюжная көшесінде тұрған.

Ал Қуаныш пен Гүлден Серіковтер жаңа үйден бір бөлмелі пәтерді таңдады.  Олар екі бала тәрбиелеп отыр. Перминов көшесіндегі ескі үй тұруға жарамсыз деп  танылып, отбасыға тез арада пәтер берілді.

“Президенттің тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.  Бүгінгі күні олар үшін Петропавлдан 31 пәтер сатып алынды. Бұл жұмыс жалғасуда. Пәтерлер пұлы жасақталды, оларда таңдау бар: пәтер алып немесе Солнечный-2 шағын ауданында салынып жатқан 520 үйдің бірінің иесі бола алады”, – деп жазды СҚО әкім әлеуметтік желіде.

Shares