Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

31 мамыр күні облыс орталығында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.

“Осыған байланысты сағат 19:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде Жабаев, Крепостная көшелері, сондай-ақ Володарский өткелі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Автобус маршруттары мен өзге де көлік құралдары үшін айналма жол ретінде Жамбыл өткелі пайдаланылатын болады (Қазақ драма театрының артында орналасқан).
Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз”,- делінген Солтүстік Қазақстан облысының
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының хабарламасында.

Shares