Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Сүтішев көшесі жөнделіп жатыр

Петропавлдағы Сүтішев көшесі жөнделіп жатыр

Шаһарда Сүтішев көшесінің Жабаев/Назарбаев көшелерімен қилысатын бөлігін орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қалалық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, аталған учаскедегі жұмысты 19-20 маусымға қараған түні аяқтау жоспарлануда, содан кейін автокөлік қозғалысы қайта басталады. Әрі қарай мердігер келесі учаскеге бағыт алады. Тиісті жұмыстармен Сүтішев көшесінен Потанин көшесіне дейінгі аралық қамтылады.

Shares