Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдың 5 шағынауданында тұрғын үй құрылысы жалғасуда

Петропавлдың 5 шағынауданында тұрғын үй құрылысы жалғасуда

December 2, 2025 11:45

Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев СҚО ӨКҚ брифингінде 2025 жылға жоспарланған тұрғын үй құрылысының орындалу барысы туралы айтты. Жоспар бойынша 209,6 мың шаршы метр баспана салу көзделген. Биылғы жылдың 10 айында 106,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Белгіленгендей, пайдалануға берілген баспананың басым бөлігі – көпқабатты үйлер. Олардың жалпы ауданы 74,3 мың шаршы метрді құрайды. Бұл көрсеткішке бюджет есебінен салынған 2 үй және 6 коммерциялық нысан кіреді. Сондай-ақ 32,2 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы да іске қосылды.

«Жыл соңына дейін 103,1 мың шаршы метрді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде: 89,9 мың шаршы метр – 13 көпқабатты тұрғын үй (1 – бюджет қаражаты есебінен, 12 – коммерциялық). 13,2 мың шаршы метр – жеке тұрғын үй құрылысы. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев – Крепостная көшелерінің қиылысында 180 пәтерлі тұрғын үйдің (мердігер – «Основание» ЖШС) құрылысы жүріп жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы Копай, Береке, Жас Өркен, Орман және Орталық шағынаудандарында жалғасып жатыр», – деді Серік Мұхамедиев.

Shares