Петропавлдық бойжеткен Магжан Жұмабаевтың өмір сәттерін жасанды интеллект көмегімен қайта жандандырды
July 13, 2025 13:15

Әлеуметтік желілерде Петропавл көшелерінде серуендеп жүрген Мағжан Жұмабаев бейнеленген бейнежазба кең таралды, деп хабарлайды QZ News.
Бейнероликті облыс орталығының тұрғыны нейрожелі арқылы жасағаны белгілі болды.
«Бір күні қаламызды аралап жүріп, «Бұл жерде Мағжан Жұмабаев тұрған» деген тақтайшаны байқап қалдым. Сол сәтте мені: бұл оның өміріндегі қандай кезең болды екен? Ол не сезінді, қандай қиындықтардан өтті? – деген сұрақтар толғандырды. Ақпарат іздеп, оқи бастадым. Барлығы өте ауыр, жүректі елжірететін жағдайлар болғанын түсіндім… Сол сәттерді қайта жандандырып, сіздермен бөліскім келді», – деп жазады бейнеролик авторы @tolganay_tb өз жазбасында.
