Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдықтар Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде

Петропавлдықтар Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде

12:00-де Петропавлдың басты алаңында кішкентай ұлдар мен қыздарға арналған ойын-сауық бағдарламасы басталды, ол кешке дейін жалғасады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жаздың бірінші күні де жетті, балалар үшін демалыс басталды. Балалар көңіл-көтеру үшін қызықты болатындай етіп бағдарлама жасауға тырыстық. Басты алаңда балалар үшін біздің үздік ұжымдар өнер көрсетеді, олар мерекелік бағдарламаны бастайды. Бағдарлама барлығына ұнайтындай етіп жасалды”, – деді облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева.

14:00-ге дейін кішкентай балалар үшін облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ұжымдарының әртістері өнер көрсетеді, содан кейін сахнаға “Радуга” облыстық ұлттық мәдениет фестивалінің жеңімпаздары шығады, таэквондо, кекушинкай каратэ федерациясы тәрбиеленушілерінің шеберліктері паш етіледі. Ал “Жас Дарын” өнер мектебі тәрбиеленушілерінің мерекелік концерті алғашқы жазғы мерекенің финалдық аккорды болмақ. Сонымен қатар, басты алаңда кішкентай сәнқой қыздарға арналған шаш өру бойынша шеберлік сабағы, әдемі шаш үлгісін жасау сабағы өтеді.

“Алаңға қызымызбен келдік, ол қыздарға арналған шеберлік сабақтарына барғысы келеді. Концерт керемет, мұнда ересектер де қызық табылады. Осындай мереке үшін рахмет айтамын. Барлық балаларға денсаулық пен жақсы көңіл-күй тілеймін”, – деді Марина Голомадина.

Shares