Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдықтар “Таза Қазақстан” республикалық акциясына белсенді қатысуда

Петропавлдықтар “Таза Қазақстан” республикалық акциясына белсенді қатысуда

Петропавлда “Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда. Оның басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Осылайша, “Ойқала” шағын ауданында эко-акция аясында сенбілік өткізілді. Оның барысында су тасқынынан кейін ластанған үйлердің жанындағы көшелер мен аумақтар ретке келтірілді. Пайдалы іс-шараға әртүрлі бейіндегі облыстық басқарманың бірнеше ондаған маманы, сондай-ақ айналаға бейжай қарамайтын қала тұрғындары қатысты.

“Біздің басқармадан 15 адам шықты. Бізге Потанин көшесі бойындағы учаске бекітілді. Ведомство барлық эко-акцияларға қатысады, осындай шараларды өзіміз де жиі өткіземіз. Мамыр айының соңында ормандар мен су айдындарын тазартуға шығуды жоспарлап отырмыз”, – деді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Василий Лабанчук.

Shares