Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қалалық мехбригадалардың күшімен Петропавлда 6 үй жөнделді

Қалалық мехбригадалардың күшімен Петропавлда 6 үй жөнделді

Маңызды шаруа! 100-ге жуық адамнан және 20 мехбригададан тұратын 4 қалалық мердігерлік ұйым су тасқынынан кейін жөндеуге келетін тұрғын үйлерді қалпына келтірумен және жөндеуге келмейтіндерді бұзумен айналысып жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“947 үй су астында қалды, 684-і апатты деп танылды, ал 262-сі жөндеуге жатқызылды. Бүгінде Ойқаладағы және Косогордағы 6 үй жөнделді. Қаланың мехбригадалары жөндеуге кірген үйдің жалпы саны 81-ді құрайды. ТҮКШ күшімен 81 үй бұзылды. 55 үй кептірілетін және іші бұзылатындардың тізіміне қосылды”, – деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бейбіт Ризаханов.

Қалалық әкімдікте облыс аудандарынан 35 адамнан тұратын 5 бригада тартылғаны айтылды. Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 800-ге жуық адам жұмылдырылған, нысандарда арнайы техникалар жұмыс істеп жатыр. Әр мехбригаданың құрамында құрылысшылар, электриктер және басқа да білікті мамандар бар. Петропавлда 300 үй бұзылды. Мехбригадалардың күшімен 700 тұрғын үй қалпына келтірілуде.

Shares