Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады

April 22, 2024 10:24

Мамыр айында Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Олардың барлығы аптаның ортасына түседі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 17 сәуірдегі №109 бұйрыққа сәйкес демалыс күндерін ауыстырды.  “ҚР-дағы мерекелер туралы” Заңның 3-бабына сәйкес 2024 жылдың мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр (сәрсенбі);
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (сейсенбі);
Жеңіс күні – 9 мамыр (бейсенбі).

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында:

1, 5, 7, 8, 9, 11 және 12 мамыр – демалыс,
2, 3, 4, 6, 10 – жұмыс күндері

Алты күндік жұмыс аптасында:

1, 5, 7, 9, 12 мамыр – демалыс
2, 3, 4, 6, 8, 10 және 11 мамыр – жұмыс күндері.

Shares